жексенбі, 24 қараша, 2024 0:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 8 нысанның ісін сот қарап жатыр

Таразда 8 нысанның ісін сот қарап жатыр
ашық дереккөзі
Таразда 8 нысанның ісін сот қарап жатыр
Таразда карантин шектеуіне сақтамағаны үшін бірнеше рет хаттама толтырылып, айыппұл салынған 8 кәсіпкер нысанына қатысты іс сотқа берілді. «2021 жылдың басынан бастап Жамбыл облысы Тараз қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бірнеше рет бұзғандығы үшін 8 іс («Коала» қорқор кафесі, «Марко Поло» дәмханасы, «Тропикано» дәмханасы, «Гауһартас» мейрамханасы, «Диско 80-90-х» дәмханасы, «Самурай» ойын клубы, «Севинч» мейрамханасы, «Парлак» мейрамханасы) ауданаралық экономикалық сотқа берілді. Сотқа берілген объектілерге бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 13 290 835 теңгеге айыппұл салынды», делінген хабарламада. Ауданаралық экономикалық сот «Коала» қорқор кафесіне қатысты карантин режимі аяқталғанға дейін жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Қалған істерді сот қарап жатыр. Кәсіпкерлердің және тұрғындардың карантин шектеуіне немқұрайлы қарауы салдарынан Жамбыл облысында COVID19 жұқтыру тоқталмай отыр. Жыл басынан бері Жамбыл облысында барлығы 1 185 КВИ тіркелген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар