Тараз қаласында қазақ күресінен ересектерарасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтіпжатқан бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, 17 облыстан келген 450-ден астам балуан қатысуда. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, кейінгі жылдары төлкүресіміздің қарқынды дамып келе жатқанына, чемпионаттың маңыздылығына тоқталды.
«Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттықспорт түрлері қарқынды дамып келеді. Соныңішінде ұлттық брендіміз – қазақ күресінің орныбөлек. Атап айтқанда, әлемнің 40-тан астамелінде қазақ күресі федерациялары жұмысістейді. Төл күресіміз жабық ғимараттағы Азия ойындарының, Дүниежүзілік жекпе-жекойындарының бағдарламасына енді. Балуандарымыз Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздікнәтиже көрсетіп, 12 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Спортшыларымыздың халықаралықдодаларда топ жарып, ұлт абыройын асқақтатыпжүргені біз үшін үлкен мақтаныш! Бүгінгі жарыссақа балуандармен қатар жас спортшылардыңтәжірибесін жетілдіріп, салауатты, белсенді өмірсалтын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтыңқазақ күресіне деген қызығушылығын арттырадыдеп сенемін», – деді Ербол Мырзабосынов.
Білекті балуандар бәсекесі КСРО-ның жәнеҚазақстан Республикасының еңбек сіңіргенжаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметтіазаматы Марат Нұрмұхамбетұлы Жақыттың 80 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Осы орайда, Министр саналы ғұмырын ұлттықкүреске арнаған
Марат НұрмұхамбетұлынаҚұттықтау хатын табыстады. Марат Жақыт – 20 жыл Қазақстан, 10 жылКСРО құрамасын басқарып, спортқа зор еңбексіңірген тұлға. Ол жалпы 2 еңбек сіңірген спорт шеберін, 25 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 130 спорт шеберін тәрбиелеген.
Айта кетейік, балуандар ел біріншілігінде 16 салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз