Таразда «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
- 104

Тараз қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» облыстық турниріне іріктеу жарысы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыстың мақсаты – қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру болды. Балуандар 55 кг-нан бастап, 100 кг-нан жоғары салмақ дәрежелерінде белдесіп, өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің арнайы медальдары, дипломдары, кубоктары және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Абсолюттік салмақ дәрежесінде үздік шыққан балуандар үшін 300 000, 200 000 және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақылар тағайындалды.
Бұл іріктеу жарысы қазақ күресінің дамуына тың серпін беріп, спортшылардың шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен тартысты белдесулер көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан – Уэльс: Әлем чемпионаты іріктеуіндегі маңызды кездесу
- авторjambylinfo.kz
- 22 наурыз, 2025
Ақмолалық соғыс ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті
- авторjambylinfo.kz
- 22 наурыз, 2025