....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 5:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Таразда ҚАЖ қызметкерлері аяқ доптан бақ сынасты

Таразда ҚАЖ қызметкерлері аяқ доптан бақ сынасты
ашық дереккөзі
Таразда ҚАЖ қызметкерлері аяқ доптан бақ сынасты
 Жамбылда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы бастығы, әділет полковнигі марқұм Серік Ахметовті еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа тәртіп сақшылары мен сала ардагерлерінен құралған бас-аяғы 6 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыстың ашылу салтанатында департамент бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов ардагерлердің ғибратты өмірі бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін айтып, салауатты өмір салтын ұстану әрбір қызметкердің өмірлік кредосына айналу қажеттігін атап өтті. - Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл турнирдің маңызы зор. Бұл күні әріптестеріміз бір уақыт сергу үшін жасыл алаңда теңбіл доп тебуге мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ, сала ардагерлері бас қосып, кейінгі ұрпаққа өз тәжірибелерімен бөлісуде. Шын мәнінде, алдыңғы аға буынның жүріп өткен жолы біз үшін қашанда үлгі. Ал, спортпен шұғылдану әрі салауатты өмір салтын ұстану бүгінгі қызметкерлерге ауадай қажет, - деді Жәнібек Қосжанов. Бұдан кейін, дәстүрлі турнирге қатысушы командалар кім мықтыны анықтауға күш салды. Тартысты өткен ойынның нәтижесінде №59 мекеменің намысын қорғаушы құрама үздік деп танылды. Ал, І және ІІ жүлделі орындарға №25 пен №58 мекеменің командалары жайғасты. Сондай-ақ, Нұрбол Мұсаев («Үздік қақпашы»), Абзал Жампозов («Үздік шабуылшы»), Нияз Қалмұратов («Үздік қорғаушы») және Жасұлан Қайрақбаев («Жеңіске деген жігері үшін») лайықты номинацияларға қол жеткізді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге доп, жейде сондай-ақ қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, облыстық ҚАЖ департаментінің бұрынғы бастығы, әділет полковнигі марқұм Серік Ахметов Ішкі істер органдарында табаны күректей 25 жыл абыройлы қызмет атқарған.  width= Еңбек жолын 1983 жылдың қазан айынан бастаған майталман маман өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында тұтастай департаменттің бастығы лауазымына дейін көтеріле білді. Ол басшылық еткен 9 жылдың ішінде өңірімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға мол үлес қосып, жас мамандардың қызмет бабымен жоғарылауына мүмкіндік жасаған. Бүгінде Серік Нұханұлының тәлім-тәрбиесін алған ізбасарлары тек Жамбыл облысында ғана емес, Атырау мен Алматы өңірлерінде және ҚАЖ Комитетінде мінсіз қызмет атқаруда. Жалпы, Серік Ахметов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, ҚАЖ Комитетінің және облыстық ішкі істер басқармасының 40 рет марапатын иемденген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар