Айтулы шара 12 қараша күні өтеді деп жоспарланған
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тараз қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінің хаьарлауынша, жәрмеңке 12 қараша күні сағат 11:00-де өтеді деп жоспарланған.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 2024 жылдың 12 қараша күні сағат 11:00-де Тараз қаласы, Рахимов көш, №55 мекен-жайында орналасқан Тараз қалалық мәдениет үйінің фойесінде өтеді. Құрметті қала тұрғындары, сіздерді жәрмеңкеге шақырамыз»,-делінген хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала