....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 6:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Таразда ер адам отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін шырша ұрлап кеткен

Таразда ер адам отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін шырша ұрлап кеткен
ашық дереккөзі
Таразда ер адам отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін шырша ұрлап кеткен
Жаңа жылдың қарсаңында Таразда "жергілікті Гринчтер" пайда болып, мерекенің басты сәнi шырша ағашының ұрлану дерегі тiркелуде. Белгісіз адам шыршаны тікелей тұрғын үйдің аумағынан ұрлап кеткен. Бұл туралы полицияға үй иесінің өзі хабарлады. Күдікті қараңғы түнде биіктігі 2 метрден асатын шырша көшетін ұрлап әкетіп, 200.000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. "Шырша" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамның айтуынша, Жаңа жылда өз отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін үйіне ұрлап әкелген. Бапқа сәйкес көрсетілген қылмысты жасағаны үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді. Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар