Таразда есірткіге қарсы көше билері фестивалі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 қазан, 2024
- 317
Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы оқушылар сарайының әкімшілігімен және "Нығмет Нұры" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, конкурс ұйымдастырды деп хабарлайды jambylinfo.kz
Қатысушылар би бағыттары мен жас санаттары бойынша бірнеше топқа бөлінді.
Фестивальде оқушылар эксперименттік хореографияда өз қабілеттерін сынап көріп, бидің әртүрлі заманауи бағыттарымен танысты.
Шара соңында үздік би өнерін көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тапсырылды.
- Мұндай шығармашылық іс-шаралар оқушыларға демалуға және достық қатынасты сезінуге көмектеседі. Бұл ретте біз ата-аналар мен балалардың назарын нашақорлық мәселесіне аударамыз. Олармен денсаулық пен зиянды тәуелділіксіз өмір туралы маңызды тақырыптарда әңгімелесу барысында біз би, спорт және белсенді әрі салауатты өмір салты жаман әдеттерге ең жақсы балама екенін көрсеткіміз келеді, - деді ПД ЕҚҚІБ бастығының м.а. Асқар Жұмабеков.
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024