дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда хәл үстінде жатқан қыз әжесінің әруағын көріп, құлан таза айыққан

Таразда хәл үстінде жатқан қыз  әжесінің әруағын көріп, құлан таза айыққан
Сурет ашық дерекөзден алынды
Қатты ауырып қалған бойжеткеннің дәрігерлер диагнозын қоя алмай, арпалысқан - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол бір сәт талып қалғанда, денесі мұздап қоя берген.   Сол сәтте палатаның есігін ашып, бір жеті бұрын дүние салған әжесі кіріп келген.

 –  Әжем сондай қуатты әрі қаһарлы көрінді. Әжемнің соңынан екі ата кіріп келді де мен жатқан төсектің екі басына тұра қалып, төсегіммен бірге көтеріп кетпе болды. Мен шырылдап: «Әже, мен әлі отбасын құрған жоқпын. Сәби сұйген жоқпын. 19-ақ жастамын, өмір сүргім келеді. Тастап кетші, мені – деп жалынып жылай бердім. Сол сәт әжем көзіме көзін қадап тұрды да: «Барсын, әкесінің үйіне» деп екі қолын сілкіп, қасындағы екі атаға «жіберіңдерә» деген белгі берді. Сөйтті де қолымен әлдебір белгілерді көрсетіп, есіктен үшеуіде шығып кетті. Мен есімді жисам қасымдағылар шыңғырып жылап жатыр екен. Ал мен болсам, қарным ашқаны соншалықты «Тамақ бар ма?» деппін – дейді бойжеткен.

Қыздың құрбысы аяқ-қолын уқалап, қасында болған екен.

 –  Ол есікке қарап тұрды да, талып қалды. Көгеріп, денесі мұздап кетті. Біз жылай бердік. Соңыра «Ах» деп атып тұрды да, бізге жалт қарап, тамақ сұрады – дейді құрбысы.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар