Таразда «Jibek Joly» пойызы туристері үшін экскурсия ұйымдастырды
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 наурыз, 2025
- 647

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы «Jibek Joly» пойызы туристері үшін арнайы экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағыты бойынша ұйымдастырылған халықаралық турдың ұзақтығы 5 күнді қамтиды. Бұл сапар туристерге Қазақстан мен көршілес елдердің тарихи-мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.
Іс-шараның басты мақсаты – Тараз қаласының бай тарихы мен мәдени мұрасын таныстыру, өңірдің көрікті жерлерін көрсету және туристердің қызығушылығын арттыру. Экскурсия барысында келушілерге қаладағы маңызды тарихи ескерткіштер, мәдени нысандар мен туристік орындар көрсетілді.
Тараз қаласының ерекше атмосферасын сезіну үшін туристер кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен тарихи орындарды аралады. Бұл экскурсия қонақтарға қаланың бай дәстүрлерін ұғынуға, оның өткені мен бүгінін салыстыруға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар бұл іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттауға шақырады. Тараздың туристік әлеуетін танытуға атсалысу – өлкенің мәдени және экономикалық дамуына үлес қосу болмақ.
Тараз – тарихы тереңде жатқан, көрнекті орындарға бай қала. Туристік бағыттағы мұндай бастамалар оның туристік орталық ретіндегі рөлін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025