сәрсенбі, 10 желтоқсан, 2025 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда науқастарды 5 жыл бойы мүгедектік топқа шығармай келген

Таразда науқастарды 5 жыл бойы мүгедектік топқа шығармай келген
Фото: z-taraz.kz
Таразда қатерлі ісікке шалдыққан тұрғындарға мүгедек мәртебесін алу мұң болды.

Салдарынан емделушілер соңғы 5 жылда әлеуметтік төлемдерден қағылып, жәрдемақы ала алмаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  qazaqstan.tv сілтеме жасап. 

Медицина мамандарының немқұрайлы әрекетке барғанын аймақ прокурорлары анықтады. Дәрігерлер тіпті 50-ден аса науқастың құжаттарын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Салдарынан мүгедектік топты анықтамай, айықпас дертке шалдыққан азаматтар аурудың үшінші және төртінші сатысына өтіп кеткен. Тиісті қызмет ала алмаған тұрғындар арасында 85 жастағы қария да, 30-дан асқан жігіттер де жүр.  Өкініштісі,  мүшкіл хәлдегі науқастар енді 5 жылдық мүгедектік төлемді ала алмайды. Бірақ қазан айынан бастап мемлекеттік қолдауға іліккен.

Саламат Әбітбекова, Тараз қалалық прокуратурасының прокуроры:

Тараз қаласы прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Сондай-ақ осы аталған заңбұзушылықтар үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияның 5 төрағасы жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар