Жаңалықтар
Таразда пәтер алып беремін деп 1,5 миллион теңгеден астам ақша алған әйел ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 31 қазан, 2023
- 239
Таразда пәтер алып беремін деп 1,5 миллион теңгеден астам ақша алған әйел ұсталды
Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өтініш білдірді. Ол облыс орталығының Химпоселок ауданында пәтер сатып алу үшін алдын ала 1 миллион 650 мың теңге төлемдi бейтаныс әйелге бергенiн хабарлады.
Алайда көрсетілген соманы алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Сондай-ақ, бұл пәтер оған тиесілі емес екені белгілі болады.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық)сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.
Әйел кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала