жексенбі, 24 қараша, 2024 12:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбазды 4 күннен бері іздестіріп жатыр 

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбазды 4 күннен бері іздестіріп жатыр 
ашық дереккөзі
Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбазды 4 күннен бері іздестіріп жатыр 
Таразда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеп жатыр. Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі, ол басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді. Ал, сарбаздың туыстары оның қашып кеткеніне сенбейді. «Соңғы рет 20-сында звондады, «бәрі жақсы мама, уайымдамаңыз»-деді. Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па, деп сұрадым. «Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы», деді»,-дейді сарбаздың анасы Гүлжан Арысбаева. «Не себептен қашып кеткені бізге беймәлім. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша және Тараз қаласында осы әскери бөлімнің қызметкерлері және құқық қорғау органдары тарапынан Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ»,-дейді 8595 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар