бейсенбі, 18 сәуір, 2024 6:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Таразда тіркеуі жоқ элиталық класстағы көлікпен жүрген жүргізуші ұсталды

Таразда тіркеуі жоқ элиталық класстағы көлікпен жүрген жүргізуші ұсталды
Фото: облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Тараздық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған элиталық кластағы "Mercedes Benz" маркалы автокөлікті анықтады.

Автокөлік жүргізушісі айыппұл болған жағдайда төлемеу үшін мемлекеттік нөмірін ауыстырғанын айтты.

«Ер адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Соттың шешімімен ол көлік құралын басқару құқығынан 1 жылға айырылды. Сондай-ақ 2 тәулікке қамаққа алынып, 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды»- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар