Жаңалықтар
Тараздағы түзеу мекемесінде кезекті рет оқу-жаттығу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 наурыз, 2025
- 844
Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде кезекті рет оқу-жаттығу жиыны өтті.
Бұл күні жеке құрам қызметкерлері «Дабыл» белгісі бойынша нормативке сай уақытта жиналып, кез келген төтенше жағдайларға дайындығын тағы бір рет пысықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиын барысында жадынама тізіміне сәйкес, ҚАЖ қызметкерлерінің арнайы сөмкелері тексерілді. Нәтижесінде анықталған кем-кетіктің орнын толықтыру қатаң ескертілді.
Атап өтейік, мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлар орын алған кезде жеке құрамның қызметтік шеберлігін жетілдіру, құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Келесі мақала
Астана тұрғындарының телефондарында ескерту іске қосылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






