Жаңалықтар
Тараздағы түзеу мекемесінен шетел азаматтары босатылды
- авторjambylinfo.kz
- 4 желтоқсан, 2023
- 240
![Тараздағы түзеу мекемесінен шетел азаматтары босатылды](https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2023/12/5ad135a8-70d9-407d-ac77-0c3622fdb179.jpeg)
Тараздағы түзеу мекемесінен шетел азаматтары босатылды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты Пәкістан және Өзбекстан мемлекеттерінің азаматтары босатылды. Айта кетейік, Пәкістан мемлекетінің 3 азаматы Қордай аудандық сотының үкімімен кінәлі деп танылса, Өзбекстан елінің азаматына Меркі аудандық соты шешім шығарған. Сотты болған шетел азаматтарының барлығы дерлік еліміздің Қылмыстық Кодексінің 392 бабы 1 бөліміне сәйкес, 6 айға бас бостандықтарынан айырылған.
Еркіндікке жолдама алған жазасын өтеушілерге өңірлік полиция департаментіне бағынысты көші-қон қызметінің өкілдеріне табыс етілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024