Жаңалықтар
Таразда қыз алып қашқаны үшін сотталған жігіт көпбалалы әке болып шықты
- авторjambylinfo.kz
- 20 қазан, 2023
- 914
Таразда қыз алып қашқаны үшін сотталған жігіт көпбалалы әке болып шықты
Ол досына қыз алып қашуға көмектескен. Енді 7 жылын түрмеде өткізеді. Айыпталушының жақындары жазаны тым ауырлатып жіберді деп отыр. Тараздық бойжеткен кешірім берсе де жаза жеңілдемепті. Сондықтан қайта апелляцияға арыз берген.
Маңғыстаулық азамат Тараздың қызымен былтыр көктемде танысқан. Кездесіп сөйлесе келе үйлену туралы ұсыныс білдірген. Алайда қыз қарсы болып, телефонын көтермей байланысты үзбек болған, деп хабарлайды "Астана" арнасы. Ақпан айында жігіт ақтөбелік досын ертіп келіп, қызды көлікке күштеп отырғызады. Алып қашу операциясын көршілері көріп қалып, полиция шақырған. Олар көп ұзамай қаланың шыға берісінде қолға түскен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2024