Тараздық бүлдіршіндер ұлттық ойыншықтармен ойнайды
- авторjambylinfo.kz
- 29 қаңтар, 2025
- 1.3k

Тараз қаласындағы 10 мемлекеттік және 5 жекеменшік балабақшада жаңа даму орталықтары іске қосылды. Бұл орталықтарда балалардың ойлау қабілетін жетілдіріп, шығармашылығын шыңдайтын 205 жаңа ойыншық патенттелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоба жетекшілерінің айтуынша, қазіргі уақытта ұлттық нақыштағы ойыншықтарды республика көлемінде тарату жөнінде ұсыныстар түсіп жатыр. Бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тәрбиелік маңызы зор жобаны кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретін маңызды қадам екені сөзсіз.
Қазіргі таңда облыстағы 618 мектепке дейінгі ұйымда 62 384 бала тәрбиеленуде. Бұл бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды дәріптейтін сапалы ойыншықтар қажет екені сөзсіз. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы 10 мемлекеттік және 5 жекеменшік балабақшада жаңа даму орталықтары іске қосылды. Бұл орталықтарда балалардың ойлау қабілетін жетілдіріп, шығармашылығын шыңдайтын 205 жаңа ойыншық патенттелді.
«Экологиялық таза және ұлттық нақыштағы ойыншықтар балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Олар қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттап қана қоймай, баланың ұлттық болмысын қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір ойыншықтың құрылымы мен дизайны баланың қиялын дамытып, қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, экологиялық сананың қалыптасуына да ерекше көңіл бөлінген»,-дейді балабақшадағы тәрбиешілер.
Тараз қаласында жүзеге асқан бұл жоба – балабақша тәрбиесінің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсететін жарқын мысал деууге болады. Авторлық ойыншықтарды жасаушылар бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, одан әрі дамытуға ниетті. Өйткені ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен, экологиялық санасы жоғары ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі.
Алдағы уақытта бұл ойыншықтардың ауқымы кеңейіп, еліміздің өзге өңірлеріндегі балалардың дамуына ықпал ететініне сенім мол. Ұлттық тәрбиені басты орынға қоятын бұл бастама – заман талабы мен ата-аналар үмітінің үйлесімді көрінісі.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз