Тараздық аға прокурор Сергей Налыгачев 30 маусым күні жергілікті дәмхананың бірінде нанға түйіліп, артынша ауа жетпей көз жұмған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.
«У Мамеда» дәмханасының әкімшісінің айтуынша, Налыгачев кафеге досымен бірге келіп, асқа тапсырыс берген.
«Даяшы олардың алдына таба нан әкеліп қойған. Көп ұзамай, марқұмның досы оның нанға түйіліп, тұншығып өлгенін айтты. Біз жедел жәрдем қызметкерлерін шақырдық. Олар 15 минуттан соң келді. Дәрігерлер ер адамның кім екенін анықтап, бір-екі күн бұрын ауруханаға инсультпен түскенін айтты. Олардың сөзінше, марқұм ауруханада толық ем алмай, шығып кеткен»,-деген дәмхана әкімшісі прокурорға досы алғашқы медициналық көмек көрсете алмағанын алға тартқан.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм Сергей Налыгачев 20 жылдан астам Жамбыл облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет еткен білікті маман болған.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының прокуратурасының өкілі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өткен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024