сейсенбі, 15 сәуір, 2025 20:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздықтар батырлардың есімі берілген үшемдерді күтіп алды

Тараздықтар батырлардың есімі берілген үшемдерді күтіп алды
Фото: «Ақ жол» газеті
Иманалиевтер әулетінде үшемнің дүниеге келуі – үлкен қуаныш

Тараздықтар батырлардың есімі берілген үшемдерді күтіп алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараз қаласының халықаралық әуежайында ерекше есімді үшемді жақындары мен туыстары ерекше қуанышпен күтіп алды. Үшемнің анасы сәбилерді Тараз қаласында дүниеге әкелуді жоспарлаған.

Алайда олар жұмыс бабымен Астанада болғандықтан, үшем бас қалада өмірге келді.  Сәби сүю бақытына кенелген ата-ана мен туған-туыстары бұл оқиғаны ерекше шаттықпен қабылдады.
Иманалиевтер әулеті сәбилердің есімін қоюда үлкендері ерлік пен батырлықтың символына айналған қазақтың даңқты қолбасшыларының есімдерін таңдады. Үшемге Қабанбай, Бөгенбай және Наурызбай деп ат қойылды. Жақындарының айтуынша, бұл есімдер балаларға қайсарлық, рухани қуат және отансүйгіштік қасиет береді деген сенім бар.

Жаңа туған нәрестелердің денсаулығы жақсы, ананың да жағдайы бірқалыпты. Үшемнің дүниеге келуі отбасы үшін үлкен қуаныш. Бұл ерекше күн әулеттің тарихында жарқын естелік болып қала бермек.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар