жексенбі, 24 қараша, 2024 7:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық тілшіні арнайы іздеп келген әйел о дүниеге барғанын айтты

Тараздық тілшіні арнайы іздеп келген әйел о дүниеге барғанын айтты
Ақ жаулықты әйел өз басынан өткен тылсым оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

(Болған оқиға ізімен)

Тараз қаласының көшелерінің бірінде немересін жетектеп кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетеді. Ауруханаға жеткен соң бірнеше күн комада жатады. Алайда әйел  сол уақытта балаларын көргісі келеді. Сөйтіп  денесінен жаны бөлініп шығып, дуалдардан кедергісіз өтіп, үйіне барғанын айтып берді.

 – Ұйықтап жатыр едім, анам бетіме үңіліп тұр екен. Шошып оянып, әпкемнің бөлмесіне барып, «анам келді» – дедім. Ол сенбеді. Дәрігерге қоңырау шалып едік: «Анаң палатада жатыр, комадан әлі оянған жоқ» деп айтты. Мен сол сәтте анамның бізден тығылып тұрғанын тағы көрдім, – дейді әйелдің кенже қызы. Ал анасы кіші қызының өзін көріп тұрғанын сезген соң, қорықпасын деп расында сол сәт тығылып қалғанын қостады. Кейін әйелге ақ шапаны бар ақсақал келіп, «Жүр мен саған басқа өмірді көрсетейін. Ал сен соны тірілерге жеткіз, насихатта» деп ертіп кетеді.  

– Қария мені ертіп бейітті бетке алды.  Жол жиегінде ұзын ақ шашын жайып, ыңырсып жылап отырған кәрі әрі тым арық әжейді көрдім. «Бұл кемпір көп балалы ана болған. Бірақ бір де бір баласы анасын еске алып, құран оқытып жатқан жоқ. Содан бұл жүдеп, тозып кетті» деді қасымдағы ақсақал. Одан ары жүре бергенде жолай дөңгелек шелпектердің бейіт жаққа қарай домалап бара жатқанын көрдім. Ал үшбырыш, төрт бұрыш болып кесілген немесе ортасына тесік қалдырған шелпектер дөңгелей алмай, жұлым-жұлымы шыққан. Олар бағышталған әруаққа кешігіп жетіп жатты. Сол жерде «Тірілерге айт, шелпектің ортасын кеспесін! Төрт бұрыш, үшбұрыш қылып қимасын. Шелпек тек дөңгелек болсын» деп ескертті қария. Бейіттер түп-түзу орналасыпты. Әр бейіттің төбесінде жеткен шелпектерден қалқан орнап жатқанын көрдім. Ол әруақты қалқалап тұрады екен. Әр бейіттің алдында әруақтар жиналып ас ішіп отырды. Соңынан құран оқытып, бірге қол жайғандардың қайтыс болған барлық туыстары кім қол жайды, бірігіп, сол дастарханнан дәм татады екен. Бейітті аралап біткеннен кейін ата маған «Енді елге қайта ғой қызым. Сенің уақытың келген жоқ. Ал мынау сенің несібең» деп қолыма бір бума бидайдың масағын берді – деді ақ жаулықты әйел.

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар