Жаңалықтар
"Тастаймын-ау сені". Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" фильмінің жалғасын түсіріп жатыр
- авторИндира Тәліпқызы
- 8 сәуір, 2024
- 1.6k
Продюсер, актриса Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» фильмінің екінші бөлімі шығады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады. Айта кетейік, продюсердің "Таптым-ау сені" фильмі бір жағынан сынға ұшыраса, бір жағынан 2023 жылдың ең кассалық фильміне айналған еді.
"Таптым-ау сені" фильмі сарапшылар тарапынан сынға ұшырап, халыққа да ұнай қоймаған. Продюсер әрі актриса Дариға Бадықова бұл фильмнің екіншісі шығатынын мәлімдеді. Ол бұл ақпаратты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, түсірілім барысынан бейнежазба жариялады.
Айта кетейік, «Тастаймын-ау, сені» деп аталатын туынды 16 мамырда көрермен назарына ұсынылады.
Келесі мақала