Таяу Шығыстағы соғыс қашан тоқтауы мүмкін?
Израиль мен Палестинаның ХАМАС әскери тобының арасындағы соғысты тоқтату осы жұма күні өз күшіне енуі мүмкін.
Басылым мәліметінше, Мысыр билігі ХАМАС басшылығымен келісімге келген, ал израильдік әскерилер өз мақсаттарына жетуге жақындап қалғанын мойындады.
АҚШ ресми өкілінің мәлімдеуінше, президент Джо Байденнің әкімшілігі қақтығыстардың осы аптада аяқталып, татуластық орнатынын күтіп отыр. АҚШ Мысыр, Катар және Еуропаның бірнеше елімен бірлесіп Газадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін барлық шараларды қабылдауда
АҚШ-тың ресми өкілі оқ жаудыруды тоқтату механизмі бар екенін мәлімдеп, жалғыз проблема – уақыт екенін айтты. Бұл ретте ол басқа әскери топ мүшелері – Палестиналық ислам джихадының алдын ала болжамсыз фактор екенін атап өтті. Бұл топтың тараптар оқ жаудыруды толық тоқтату туралы келісушілікке қол жеткізген соң жағдайды ушықтыруы (провакациялау) мүмкін деген алаңдаушылық бар. Ақ үй түсініктеме беруден бас тартты.
АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбі күні премьер-министр Нетаньяхумен телефон арқылы әңгімелесу кезінде «оқ жаудыруды тоқтату жолында айтарлықтай деэскалация күтіп отырғанын» жеткізді. Бұл екі ел көшбасшылары арасында бір аптаның ішінде болған төртінші телефон арқылы әңгімелесуі.
Айта кетсек, Палестина топтары мен израильдік әскердің бір-біріне оқ жаудыру 10 мамырда басталды. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаза болғандар саны 250 адамнан асқан, соның ішінде 227 адам Газа секторында көз жұмған. 250 адамның 60-ы – балалар. Израильдік тараптан кем дегенде 12 адам қаза тапты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024