сенбі, 7 маусым, 2025 8:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тазалық – тәртіп пен ұйымшылдықтың айғағы

Тазалық – тәртіп пен ұйымшылдықтың айғағы
Фото - ашық дереккөз
Аталған шара мекеме ұжымының ұйымшылдығын, жауапкершілігін көрсеткен игі іс ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекеме аумағында сенбілік өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Тазалық – таза жерде емес, тазалық сақталған жерде болады» деген сөз бар. Расында, кез келген адам үшін тазалық пен тәртіп – өмір сүрудің басты қағидаларының бірі. Бұл ұстаным қызметтік және қоғамдық ортада да ерекше маңызға ие.

Соның айқын дәлелі – Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде өткен санитарлық-тазалық жұмыстары.
Аталған шара мекеме ұжымының ұйымшылдығын, жауапкершілігін көрсеткен игі іс ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ҚАЖ саласының қызметкерлері бұл жолы өз жұмыс кабинеттерімен қатар, мекеме аумағын күл-қоқыстан арылтуға білек сыбана кірісті. Ағаштардың түбі әктеліп, қураған шөптер орылып, қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды.
Бұл сенбілік тек тазалықты сақтау емес, сонымен қатар тәртіп пен ұйымшылдықты нығайтудың да тиімді тетігіне айналды. Қызметкерлер бірлесе еңбек етіп, ортақ жауапкершілік танытты. Мұндай іс-шаралар мекеменің ішкі мәдениетін көтеріп қана қоймай, еңбек ұжымының бірлігін де арттырары анық.
Жалпы, өңірдегі түзеу мекемелерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына тұрақты түрде мән беріледі.

Тараз Мекеме аумақтарының таза болуы – жазасын өтеушілер үшін де, қызметкерлер үшін де қолайлы, жайлы орта қалыптастырудың бір жолы.
Қорытындылай келе, ҚАЖ департаментінің №58 мекемесінде өткізілген тазалық шарасы – жауапты қызметтің маңызды құрамдас бөлігі екені анық. Бұл ұжымдық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол. Тазалық – тек көзбен көретін сыртқы сұлулық қана емес, ол – ішкі тәртіп пен жауапкершіліктің көрінісі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар