Жаңалықтар
Телефондағы қандай хабарламаларды өшіріп отыру керек: Маман кеңесі
- авторjambylinfo.kz
- 9 наурыз, 2021
- 157
Телефондағы қандай хабарламаларды өшіріп отыру керек: Маман кеңесі
"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды жою керектігін айтты деп хабарлады РИА Новости.
Маманның сөзінше, телефоннан құпия сөздер туралы ақпаратты, жеке деректерді, сондай-ақ адам беделіне зиян келтіруі мүмкін хабарламаларды мүмкіндігінше жойып отыру керек. Қызмет көрсету хабарламаларын, авторизация кодтарын және уақытша парольдерді де жою қажет, дейді Арсений Щельцин. Сондай-ақ, қосымшалар жұмыс істеу үшін көбіне байланыс тізіміне және SMS-хабарламаларға кіруге рұқсат беруді талап етеді. "Алайда вирустар арқылы SMS-ке жылдам қол жеткізу немесе телефонның резервтік көшірмесін қашықтан қалпына келтіру сияқты осы және басқа жағдайлар SMS қоржынын ең осал кеңістікке айналдырады", - деп ескертті сарапшы.
Банктер мен интернет-сайттар ұсынатын құпия сөздер әдетте әрі кеткенде бір минут жұмыс істейді. Алайда алаяқтар оларға қол жеткізіп, сіздің аккаунтыңызға кіруі мүмкін. Щельцин осы тәуекелдерді барынша төмендету үшін қосалқы көшірмелер жасауға, телефонды жоғалтпауға және SMS хабарламаларды қадағалауға кеңес береді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала