Жаңалықтар
"Темекі бағасы бір жылда 20 пайызға өсті": Елде шылым шегушілер азайды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2023
- 228
"Темекі бағасы бір жылда 20 пайызға өсті": Елде шылым шегушілер азайды
Биыл шілдеде Ұлттық статистика бюросы темекі тұтынатындардың санын анықтап, оның алдын алу және бақылау мақсатында 11,8 мың үйге сауалнама жүргізді. Ranking сарапшылары осы сауалнамаға шолу жасады.
Мамандардың сараптамасы бойынша, өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда темекі мен қорқор пайдаланбайтын азаматтардың үлесі артқан. Мысалы, қорқор қолданбайтын үлесі 96,2 пайыздан 96,4 пайызға, ал темекі шектейтіндер — 79,6 пайыздан 80,6 пайызға өсті.
Сарапшылар бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 0,4 пайызға көп екенін айтады. Табак өнімдерінің көп бөлігі, яғни 11,9 млн өнім – өнеркәсіптік жолмен өндірілген темекі. Бұл темекі түрін 2022 жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға аз тұтынған.
Сондай-ақ қазақстандықтар арасында қағазға оралған темекі (255,5 мың), сигара (ораулы жуан шылым) мен сигарилла (234,8 мың), IQOS немесе GLO үлгісіндегі темекіні қыздыру құрылғысы (228,5 мың), электрон темекілер (136,5 мың), түтікше (74,9 мың) және қорқор (24,5 мың) танымал. Өндірістік темекі, сигара мен сигарилланы әйелдерге қарағанда еркектер жиі тартады екен.
Сараптамалық сайттың шолуына сүйенсек, қорқорға әуес ер мен әйел саны тең. 2023 жылдың қазанында елде темекі бағасы айына 2,1 пайызға, жылына 20 пайызға өсті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024