жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті
ашық дереккөзі
Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда терроризмнің алдын алу саласындағы мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды радикалсыздандыру мен оңалту жұмыстары және туындаған түйінді мәселелер және облыс тұрғындары арасында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында БАҚ және интернет кеңістігінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен тиімділігі қаралды. Интернет-кеңістікте деструктивті идеологияның таралу көздерін мониторингтеу және бұғаттау бойынша ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан қазақстандық азаматтардың күмәнді теологиялық оқу орындарында білім алу үшін шығуының алдын алу мақсатында қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар