жексенбі, 19 мамыр, 2024 1:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Өткен жылы жоғалып, биыл табылды» Алматыда былтыр күзде жоғалған 15 жастағы қыз тірі болып шықты

«Өткен жылы жоғалып, биыл табылды» Алматыда былтыр күзде жоғалған 15 жастағы қыз тірі болып шықты
фото әлеуметтік желіден алынды
Қыздың бұған дейін қайда болғаны белгісіз

Алматы қаласында өткен жылы  күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Еріктілердің сөзінше,  жоғалған адам биыл сәуір айында табылған. Қыздың қайдан табылғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Сонымен қатар, басқа да деректер әзірше беймәлім күйінде қалып отыр.

Айта кетейік, Коваленко Валерия Денисовна 2009 жылы туған. 2023 жылы 24 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 23:00 шамасында Іле ауданы Боралдай ауылы Әзербаев көшесі, 102 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені беймәлім болды.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар