Жаңалықтар
Тоқаев қатты жер сілкінісі болған Алматы қаласына барады
- авторjambylinfo.kz
- 23 қаңтар, 2024
- 267
Тоқаев қатты жер сілкінісі болған Алматы қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады, деп хабарлайды jambylinfo.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
“Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді”,-деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, Алматыда 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні қатты жер сілкінісі болды. Абырой болғанда, ғимараттар құлаған жоқ. Жер сілкінісінен үрейленген үш адам терезеден секіріп, жараланған. Тағы бес адам үйлерінен сыртқа шығарда денсаулықтанына зиян тиген. Қазір қаладағы жағдай тұрақты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала