сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 22:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев қорғаныс бөгеттері мен су жүретін каналдар салуды тапсырды

Тоқаев қорғаныс бөгеттері мен су жүретін каналдар салуды тапсырды
Фото: Aqorda
Президент БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта су тасқынының алдын алу шараларына айрықша мән беруді тапсырды.

«Көктем мезгілінде қар шығару, өзендердің қауіпті учаскелеріндегі мұзды жару, қарғын су жүретін арналар жасау және басқа да қажетті шаралар алдын ала жүргізілуге тиіс. Жаз-күз маусымында өзендердің арналарын уақытылы тазалауды, табанын тереңдетуді және сағаларын кеңейтуді, автомобиль мен теміржолдардың бойындағы қолданыстағы су өткелдерінің қуаттылығын арттырып, жаңасын салу қажет. Қорғаныс бөгеттері мен су жүретін каналдар салу керек. Бұл міндет Республикалық штабқа және Үкіметке жүктеледі», – деді Мемлекет басшысы.

ҚАЙРАТ ӘБСАМАТ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар