жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев пен Мирзиёев Астанадағы Әлішер Науаи ескерткішін салтанатты түрде ашты

Тоқаев пен Мирзиёев Астанадағы Әлішер Науаи ескерткішін салтанатты түрде ашты
Сурет: Ақорда
Бұл туралы ақорда хабарлады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Астанадағы Әлішер Науаи ескерткішінің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Мемлекет басшысы елорда төрінде ұлы ақын, көрнекті ойшыл Әлішер Науаидың еңселі ескерткішінің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі екенін айтты.

– Біз – ежелден еншісі бөлінбеген ағайын елміз. Жұртымызды біріктіретін ортақ құндылықтар көп. Тарихымыз бен тіліміз – тамырлас, дініміз – ортақ. Екі ел арасындағы бауырластық байланыстың өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Бұл ретте Әлішер Науаидың алатын орны ерекше. Мұхтар Әуезов «Әлішер Науаи жалғыз өзбек әдебиетінің көлемінде қалған жоқ. Бертін келе Азиядағы, Шығыстағы көп елдің әдебиетіне әсер етті» деген. Біз ұлы ақынның мұрасын күллі түркі жұртының рухани қазынасы деп санаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар