жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 11:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Топан судан зардап шеккен өңірлердегі балалар жазғы сауықтыру кешеніне орналастырылып жатыр

Топан судан зардап шеккен өңірлердегі балалар жазғы сауықтыру кешеніне орналастырылып жатыр
Фото - ҚР Қорғаныс министрлігі
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмысы аясында 55 мектеп уақытша орналастыру пункттері болып белгіленді. Бұл пункттерде 7255 бала бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқу-ағарту министрі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балаларды жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырған болатын. Бүгін оларды орналастыру жұмыстары басталды. Тек бірінші күні 80-нен астам бала қабылданды.

  • «Балалар мен зардап шеккен азаматтарға 300-ден астам педагог-психолог психологиялық көмек көрсетуде. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің белсенді араласуы ұйымдастырылды. Балалар қажетті оқу құралдарымен, қашықтықтан оқытуға арналған техникалық құралдармен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Интернеттің жылдамдығы төмен ауылдық мектептерді Starlink желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Жалпы, білім беру саласының 20 мыңға жуық қызметкері волонтер ретінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар