сейсенбі, 1 сәуір, 2025 10:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп Ақ үйде ауызашар берді

Трамп Ақ үйде ауызашар берді
abc3340
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ораза ұстаушыларға ауызашар беріп, мұсылман қауымымен кездесті.

Жиын 27 наурыз, бейсенбі күні өтті. Кешкі ас кезінде Трамп президенттік сайлауда өзін қолдаған "жүздеген мың америкалық мұсылманға" алғыс айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы ABC News-ке сілтеме жасап. 

"Мұсылман қауымы қараша айында бізбен бірге болды және президенттік мерзімім аяқталғанша мен де сіздермен біргемін. Сіздер мұны білесіздер деп ойлаймын", – деді Трамп.

Сонымен қатар Таяу Шығыстағы жағдай туралы айта келе, Трамп өзінің әкімшілігі тарихи Авраам келісімдеріне сүйене отырып, аймақта тұрақты бейбітшілік орнату үшін үздіксіз дипломатиялық жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Біздің қалайтынымыз – тек бейбітшілік", – деп атап өтті Ақ үй басшысы.

Мұнымен қоса Трамп өзінің басты мақсаты – барша адам үшін жарқын болашақ қалыптастыру екенін жеткізді.

"Ақ үйде сіздерді жақсы көретін адам бар", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп барша мұсылманды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оның әкімшілігі діни бостандықты қорғау жөніндегі ұстанымын тағы да растайтынын мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, 2025 жылы мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар