Жаһандық жылыну Тынық мұхиттағы аралдарға үлкен қауіп төндіріп тұр. Климаттың өзгеруіне байланысты өңірде су деңгейі көтеріліп, нөсер жауын көбейіп, долы дауыл жиілеген. Ғалымдардың болжамына сүйенсек, келесі ғасырда әлемдегі ең үлкен мұхит қоршауында жатқан бірнеше ел мүлдем жойылып кетуі мүмкін.
Расында, климат өзгеруі Кирибати, Фиджи секілді атолдары көп арал-мемлекеттерге оңайға соғып отырған жоқ. Біріншіден, жаһандық жылыну салдарынан су деңгейі көтерілді. Ал Тынық мұхиттағы аралдың көбі теңіз деңгейіне жақын. Сондықтан олардың су астында қалу ықтималдылығы жоғары.
Екіншіден, жаһандық жылыну салдарынан алыстағы аралдарда дауыл мен жел көбейіп, биік-биік толқындар жергілікті бағбандардың бақшасын шайып кетіп жатыр. Мәселен, екі жыл бұрын Кирибатидегі үш арал мүлдем жойылып кетті.
Үш аралды көп жылдан бері мыңдаған тұрғын мекендеп келген еді. Бірақ өткен ғасырдың аяғында, 70-ші жылдардан бастап су деңгейі көтеріле бастады. Сөйтіп, мұхит онда орналасқан үйлерге жақындай түсті. Соның салдарынан сәл күн күркіреп, жел тұра қалса, шапшыған толқындар жағаға емес, үйлерге соғылатын болды.
Кирибати – осындай 32 атолдан құралған мемлекет. Аталған ел кейінгі уақытта жаһандық жылынудың салдарын бір адамдай тартып отыр. Су деңгейінің көтерілуі салдарынан байырғы тұрғындар мекенін тастап, қоныс аударып жатса, екінші жағынан тасыған толқындар егістікті шайып кетіп, тұщы су көздеріне теңіздің ащы суы толып, ішуге жарамсыз болып қалды.
Ғалымдардың болжауынша, теңіз деңгейінің осылай көтерілуі жалғаса берсе, келешекте Кирибати секілді Тынық мұхиттағы аралдар шетінен су астына кетуі ықтимал. Бұл бір жағынан қоршаған ортаға, яғни сол жерді мекендеген жануарлар мен дамылдайтын аң-құстарға зиян тигізсе, екінші жағынан жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
265 жамбылдық жасөспірім полиция жеткізілді
Ұқсас жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024