Жаңалықтар
ТЖМ Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздестіруде
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025
- 759
25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ күштері, соның ішінде "Қазавиақұтқарудың" екі тікұшағы жұмылдырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





