Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уакишев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елді мекендерден тыс сапарға шықпас бұрын, алдымен ауа райы болжамын тексеріп, жол қозғалысына кедергі келтіретін учаскелер туралы ақпарат алу маңызды. Бұл мәліметтерді «ҚазАвтоЖол» ҰК сайтынан, жабық жолдар картасынан немесе 1403 бірыңғай телефон нөмірі мен 112 құтқару қызметінің телефоны арқылы, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Дауыл туралы ресми ескерту алған кезде, елді мекендерден шықпау керек. Шұғыл сапар қажет болса, теміржол көлігін пайдалану ұсынылады.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз