....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 5:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«ӘУЛИЕАТА» КІТАП ФЕСТИВАЛІ

«ӘУЛИЕАТА» КІТАП ФЕСТИВАЛІ
ашық дереккөзі
«ӘУЛИЕАТА» КІТАП ФЕСТИВАЛІ
«Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы; Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітапты насихаттау, қазақстандық жазушылар мен олардың әдеби шығармаларын насихаттауға жәрдемдесу, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, кітаптың, мәдениет пен білімнің маңызын, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту, оқырман мәдениетін дамытып, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құрып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін жоғарлату мақсатында «Әулиеата» кітап фестивалі өтті. «Әулиеата» кітап фестиваліне арнайы келген қонақтар «Отбасы», «Qasym», «Khan comics», кітап баспаларымен «Ziyat», «Marfu Shop», «Kitap all», «Шерхан Мұртаза» дүкендердің ұсынған кітап көрмелері мен сатылымдағы кітаптармен танысты.  width= Кітап фестивальінің ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы сөз сөйлеп, игі іс-шаралардың жалғасы ретінде өтіп жатқан кітап фестивальіне жиналған қауымға жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін жоғарлату жайында айтып өтті.

 width=  width=Аталмыш фестивальге облысымзға белгілі зиялы қауым өкілдері мен ақын жазушылар қатысып, өздерінің өнегелі ойларын ортаға салды. Сонымен қатар К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның әншілері әсем әндерін шырқады. Сондай – ақ «Отбасы» баспасының психологы Сейілбек Мырзабай фестиваль қатысушыларына психологиялық тренинг өткізді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар