жексенбі, 19 қаңтар, 2025 19:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әулиеата-кітап оқитын өңір»: «Ой шебері» зияткерлік ойынына 450 оқушы қатысты

«Әулиеата-кітап оқитын өңір»: «Ой шебері» зияткерлік ойынына 450 оқушы қатысты
Сурет: ашық дереккөзден алынды
«Ой шебері» зияткерлік ойыны жылдың аяғына дейін ұйымдастырылады

Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы қолдауымен “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ой шебері» зияткерлік ойыны өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Зияткерлік ойынға
аудандар мен қала мектептерінің оқушылары олардың жетекшілерінен құралған 90 топ қатысты. 

6 кезеңге бөлінген интелектуалдық ойында, оқушылар Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», «Қызыл Жебе», «Бір кем дүние», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Күләш Ахметованың өлеңдер жинағынан, тағы да басқа киелі Әулиеата өңірінің көрнекті тұлғаларының, танымал жазушы мен ақындардың шығармаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Ойынның қорытындысы бойынша 3 команда жеңімпаз атанды. 

Атап айтқанда, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейі (Сарысу ауданы), Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы (Байзақ ауданы), Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейі (Меркі ауданы).

Айта кетейік, демеушілердің қолдауымен зияткерлік ойынның
жүлде қоры 1,2 млн теңгені құрап, бұл сомма 3 командаға бөлінді.

Сонымен қатар, ойынға қатысқан барлық оқушыларға  «Атамұра», «Алматы-Мектеп», «Foliant» кітап баспасы жарыққа шығарған қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармалар жинағы, батырлар жыры таратылды.

Еске салайық, «Ой шебері» зияткерлік ойыны жылдың аяғына дейін ұйымдастырылады. Ойынға облыстағы барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Интеллектуалдық ойынның жылдық жүлдеқоры 18,8 млн теңгені құрап отыр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар