сенбі, 17 мамыр, 2025 13:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жуалы ауданында зияткерлік ойын өтті

«Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жуалы ауданында зияткерлік ойын өтті
Ашық дереккөз
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп гимназиясында "Ой шебері" зияткерлік ойыны өтті.

Бұл шара «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында ұйымдастырылған. Ойынға Жуалы ауданындағы орта мектептерден 30 топ, 100-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ойын барысында қатысушыларға Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты», «Ай мен Айша» романдары, Бауыржан Момышұлының «Алыстан сәлем жолдаймын», Әнуар Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Күләш Ахметованың «Бақ» өлеңдер жинағынан сұрақтар қойылды. Қатысушылар Шерхан Мұртазаның шығармаларына жоғары ұпай жинады.

2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген еді. Бұл бастаманың мәні оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, қоғамның дамуында маңызды рөл атқаруында.

Іс-шараға Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Керімқұл Бегалиев, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Табиғат Абаилдаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Шертаева, сондай-ақ Жуалы ауданының Құрметті азаматы, журналистер одағының мүшесі, білім беру ісінің үздігі Дәулетжан Жамалбекұлы қатысты.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, білімділік пен ой-талқыларды дамытып, жастардың білімін көпшілікке таныту болды. Ойын Жамбыл облысы әкімінің бастамасымен және Жуалы ауданы білім бөлімі мен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ қолдауымен ұйымдастырылды.

Ойын нәтижесінде:

1. №15 Ә.Бөкейханов атындағы тірек мектеп-лицейі

2. №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебі

3. Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясы орынды иеленді.

Барлық қатысушыларға естелік ретінде А.Кеңшілікұлының «Сөз патшасы», Д.Исабековтың «Қарғын», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», К.Ахметованың «Құт» кітаптары таратылып, топ жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар