Жаңалықтар
Үй алатындар 16 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағын депозитке сала алады
- авторjambylinfo.kz
- 10 желтоқсан, 2021
- 240
Үй алатындар 16 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағын депозитке сала алады
Бір аптада 170 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау үшін банкке өтініш берген. Бұл жайында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет - расында бұл шындық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұлғайтпауды тапсырды. Бірінші кезекте бұл 200 мыңға жуық салымшыға өздерінің біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша өз құқықтарын іске асыруға мүмкіндік берді. Сіздерге 2 желтоқсаннан кейінгі www.enpf-otbasy.kz платформасында қабылданған өтініштердің статистикасын көрсетейін. Ол датаға дейін біз штаттық режимде жұмыс жасадық және күн сайын 2 мыңнан 2,5 мыңға дейін өтініш қабылдадық» деп жазды банк басшысы Facebook парақшасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз