Әйелдер Қадір түнін мешітте қарсы алуға міндетті ме?
- авторjambylinfo.kz
- 5 сәуір, 2024
- 669
Бүгін яғни 5-сінен 6-сына қараған түні барша мұсылман қауымы қасиетті Қадыр түнін күтеді.
Бейбіт Мырзагелдиевтің айтуынша, негізі әйел адам болсын, ер адам болсын бұл түнді құлшылықпен өткізуі керек. Себебі, бұл түннің өзі Алла Тағаланың Құранда түсіргендей мың айдан да қайырлы. Яғни, бұл түнді ғибадат жасап өткізген әрбір мұсылман баласы жақсылыққа кенеледі.
« Ал Әйелдер мешітке келгеннен қарағанда ғибадатты үйде істегенінің өзі бірнеше есе сауап әкеледі. Мәселен, бірде бір сахаба әйел Пайғамбарымыз (с.ғ.с) келіп айтқан екен. «Пайғамбар, мен сенің артыңда тұрып, яғни жамағатта тұрып намаз оқығым келеді» деген. Сол кезде Пайғамбарымыз айтқан екен. «Сен менің артымда жамағат боп намаз оқығаннан үйіңнің дарбазасында оқысаң, ол сен үшін қайырлы. Дарбаза ішінде оқығаннан гөрі үйіңде оқысаң, ол сен үшін қайырлы. Үйіңнің ішіңде оқығаннан гөрі өзіңнің бөлмеңде, арнайы намаз оқитын жерде оқысаң, бұл – сен үшін қайырлы», деп жауап береді. Яғни, бұл жерде жәй мешіттер емес, Пайғамбарымыздың артынан намаз оқимын деген кісіге, әйел адамның үйінде оқығаны артығырақ, - деді имамы Бейбіт Мырзагелдиев.
ҚАЙРАТ ӘБСАМАТ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Айт намазының кестесі 2024
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024