«Әйелді хиджаб кимегені үшін өлтіреді»: Полиция Ұланғасыр Қамиге қандай шешім шығарды
- авторjambylinfo.kz
- 15 тамыз, 2024
- 1.1k
Қостанайлық Саида Сисембаева «Әйелді хиджаб кимегені үшін өлтіреді» деген әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз түсірген болатын. Алайда ІІМ әншінің бұл сөзінен ешқандай қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін хабарлаған, деп жазады Jambylinfo.kz.
Бұл туралы Саида Сисембаева Facebook-тегі парақшасына жазған.
– Менің өтінішім қанағаттандырылған жоқ. Алматы қаласының полиция департаменті өтінішімді тіркемеді. Олардың айтуынша, әнші Ұланғасыр Камиевтің сөздерінде ешқандай қылмыс құрам жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаса да, біздің полиция оған көз жұма қарап отыр. Енді әншінің бұл пікірін қолдайтын ер адамдар әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтірсе не болады. Бұл сұмдық қой,– деп жазды Саида Сисембаева ашынып.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
«Жаңа індет тарады». ДДСҰ дабыл қағып отыр
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024