жұма, 20 қыркүйек, 2024 2:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әйелім алтын медальдан қымбат»:Елдос Сметов Олимпиададан кейін бір апта медалін жанына алып ұйықтаған

«Әйелім алтын медальдан қымбат»:Елдос Сметов Олимпиададан кейін бір апта медалін жанына алып ұйықтаған
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Спортшы чемпион атанғанда әйелі жанында болмаған

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов журналист Динара Сатжанның ютуб арнасына берген сұхбатында Олимпиададан кейін бір апта медалін жанына алып ұйықтағанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол Динара Сатжанның «Медаліңізді қанша адам ұстады және оны жаныңызға алып ұйықтайсыз ба» деген сұрағына чемпион былай деп жауап берді.

«Медалімді қанша адам ұстағанын тап басып айту қиын. Бірақ өте көп адам ұстағаны анық. Ал медалімді Олимпиададан кейін алғашқы бір аптада  басыма жастап жаттым»,-деді ол.

«Ал қазір ше, әйеліңіз үшеуіңіз бірге ұйықтайсыздар ма?» деген  журналист сауалына ол:

«Мен Олимпиада чемпионы атанғанда әйелім қасымда болған жоқ. Сол себепті, медальді басыма жастап ұйықтадым. Ал қазір медаль үйде өз орнында ілініп тұрады. Өйткені медальдан  әйелім қымбат»,-деді балуан күліп.  

Айта кетейік, чемпион жары екеуі 5 бала тәрбиелеп отыр. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар