Әйелімен ұрысып қалып, 450 км жаяу жүрген италиялық
- авторjambylinfo.kz
- 18 наурыз, 2025
- 170

Италияның 48 жастағы тұрғыны әйелімен ренжісіп, таза ауаға шығуға шешім қабылдайды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алайда бұл жай серуен емес, бір аптаға созылған ұзақ сапарға айналады. Ол үйінен 450 шақырым қашықтыққа дейін жаяу барып, тек түнде полиция тоқтатқан кезде ғана сапарын аяқтайды.
Ол тек алға жүре берген. Жол бойында кездейсоқ жолаушылар оған су, тамақ беріп, қолдау көрсеткен. Орта есеппен, ол күніне 60 шақырым жүрген.
Алайда бұл оқиғаның соңы аса қуанышты аяқталмады. Әйелі оның жоғалғаны туралы полицияға хабарлап қойған екен. Сол себепті тәртіп сақшылары оны тауып қана қоймай, коменданттық сағатты бұзғаны үшін 400 еуро көлемінде айыппұл салды.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Көпшілік ер адамның төзімділігіне таңданып, оны «итальяндық Форрест Гамп» деп атады. Ал кейбіреулер оған айыппұлдың орнына жаңа аяқ киім беру керек деп ұсынды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз