Жаңалықтар
Үйінен 1 млрд теңге табылды: Талдықорғанда білім бөлімінің бас есепшісі ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 17 сәуір, 2023
- 241
Үйінен 1 млрд теңге табылды: Талдықорғанда білім бөлімінің бас есепшісі ұсталды
Талдықорған қалалық білім бөлімі бас есепшісінің үйінен 1 миллиард теңге, сондай-ақ қымбат мүліктің құжаттары табылды деп хабарлады Жамбылинфо Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
48 жастағы әйел шетелге қашып кетпекші болған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап үлгерді. Үйін тінту кезінде 942 млн 902 мың теңгеден астам қаражат тәркіленді. Бас есепші ұрлаған ақшаның басым бөлігін шетелдік валютаға айырбастап қойған. Бұдан бөлек, 14 пәтер, 7 коммерциялық нысан мен Лэнд Крузер 200 маркалы көліктің құжаттары табылды. Зергерлік бұйымдар да шықты. Қазіргі кезде 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған дүние-мүлікке уақытша шектеу қойылды.
Бас есепшімен бірге оның орынбасары және бірнеше қызметкер қамауға алынды. Олар бірнеше жылдан бері білім саласында жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып жүрген. Өткен жылдың өзінде мектептер арқылы бюджеттің 750 млн теңгесін қалтаға басқан.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз