жексенбі, 24 қараша, 2024 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қылмыс та, жемқорлық та азайған

Қылмыс та, жемқорлық та азайған
ашық дереккөзі
Қылмыс та, жемқорлық та азайған

Жамбыл облысында бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша қылмыс деңгейі төмендеген. Бұл туралы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті жиында айтылды. Басқосуда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың нәтижелері баяндалды.

Өңірде жалпы қылмыс саны 7,8 пайызға төмендегенімен, кейбір қылмыс түрлері бойынша өсім байқалады. Айталық, есірткі қылмысы - 64, алаяқтық - 82, жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандар  - 39 пайызға артқан. Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтың айтуынша, қылмыстың ашылу деңгейі  де жоғарылаған.

Жамбылда сыбайлас жемқорлық деректері де төмендеген. Бірінші тоқсанда 24 дерек тіркелсе, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға аз. Жалпы шығын мөлшері 65,1 миллион теңгені құрап, оның 58,7 миллион теңгесі өндірілген.

Аймақ басшысы қала әкімі Е.Жылқыбаевқа бірден бес қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын назарға алуды тапсырды. Бұл Т.Рысқұлов және Талас аудандарының әкімдері Е.Садырқұлов пен Б.Қазанбасовқа да қатысты. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.Амановқа мемлекеттік субсидияларды жыл сайын бір шаруа қожалықтары алады деген шағымдарды жіті қарау жүктелді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Қалиевке емханалар мен ауруханалардағы жағдайды түзету, емдеуге жатқызу бюросының жұмысын жақсарту тапсырылды. Transparency International халықаралық ұйымының қорытындысы бойынша, облыстың денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жоғарылаған.

- Адамдар өзін қауіпсіз сезінуі керек. Билік органдарының басты міндеттерінің бірі – қылмыс деңгейінің өсуіне жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерімен күресу. Азаматтық сектор өкілдерін түрлі комиссиялар мен мобильді топтарға көбірек тарту қажет. Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдалатын үміткерлер қатаң іріктеуден өтуі маңызды. Ең алдымен моральдық-этикалық өлшемдерге сай болуы тиіс, - деді Бердібек Сапарбаев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар