дүйсенбі, 25 қараша, 2024 11:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қымыз-балмұздаққа сұраныс көп

Қымыз-балмұздаққа сұраныс көп
ашық дереккөзі
Қымыз-балмұздаққа сұраныс көп
Берікті өскемендіктердің тең жартысы біледі. Қымыз балмұздақ өндіретін жігіт деп таниды оны. «Еңбегіңнен ел таныр» деген осы шығар. Берік Рахметқалиевтың дөңгелетіп отырған өзге кәсіптері болғанымен, қымыздан балмұздақ жасап сатуға ерекше көңіл бөліп отыр. Заманның талабына қарай ұлттық бренд қалыптастырғысы келеді.  
«Балмұздақ, қымыздан балмұздақ» деп айғайлап тұрған саудагерді көріп, дәмнен ауыз тигенбіз. Қышқылтым, қымыз­дың дәмі кәдімгі. Сөйтсек, қымыз бал­мұз­дақты ай­ғай­лап, халықты шақырып дәм тат­қыз­баса, өткізу қиын» дейді Берік. Қы­мыз­дың өзі сұранысқа ие өнім болғаны­мен бал­мұздағы нарыққа енді-енді ғана шықты. – Кәсіпте жүргеніме біраз жыл болды. Әрине, нәпақа табуымыз керек. Бірақ ұлттық дүние өндіргім келді. Қасымдағы көмекшілер де қазақи өнім керек десті. Содан Семейде Айдын Серікқазин деген азамат қымыз балмұздақ өндіретінін естіп, сонда бардық. Балаларымды алып алдым. Өйткені дәмін солар көру керек болды. Өзіме бірден ұнады. Өскеменге келе сала іске кірістім, – дейді жас кәсіпкер. Ұлттық балмұздақты өндірмес бұрын шетелдік технологияларды да зерттеген. Сөйтіп, бабы келген балмұздақты былтыр сатылымға шығара бастаған. Дәмі тіл үйіргенімен, әу баста сату қиын болған екен. Себебі бұған дейін қымыз балмұздақтың бал дәмін көп ешкім татып көрмеген. Сол үшін де ғой, айғайлап, әрі-бері өткен халыққа дәм татқызып, үйретіп барып жолға қойып келеді. Балмұздаққа сұраныс жазда ғана болғандықтан, үш-төрт айдың ішінде көпшілікке ұсынып қалуға тырысады. Ал қазан, қарашадан бастап тек мейрамханалармен жұмыс істейді. Оның үстіне, қыста қымыз қоры аз, қышқылтым. – Былтыр екі нүктеде ғана саттық. Биыл ке­ңей­туді көздеп отырмыз. Қымыздың литрі 1500 теңге болса да, балмұздақтың баға­сын 300 теңгеден көтермейміз. Соны­мен қатар әркімнің таңдауына қарай же­міс-жи­дек­тің де балмұздақтары бар. Өйт­кені ал­дыңа келген адам құр қайтпауы керек. Мақ­­танатыным, бәрі отандық өнім, – дейді бал­мұз­дақтың бабын білетін Берік Рахметқалиев. Берік балмұздақты шұбат пен ешкі­нің сүтінен де жасап көрген. Алайда, қы­мыз­дың дәміндей тіл үйіре қоймаған. Мақ­саты да, қымыз балмұздақты брендке айналдыру.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар