сенбі, 17 мамыр, 2025 4:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғыз Республикасы Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді

Қырғыз Республикасы Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді
Фото: Cу ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Сәуір айында суармалы егіншілік маусымы басталып, осы айдың өзінде Қазақстанға 45 миллион текше метр су берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ай соңына қарай Қырғыз Республикасы Талас өзені арқылы 400 миллион, ал Шу өзені арқылы 180 миллион текше метр су жібермек. Бұл келісім қазақ-қырғыз бірлескен комиссиясының 35-отырысында жасалды.

Отырысқа Қазақстан тарапынан Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ал Қырғыз тарапынан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев қатысты.

Мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын тиімді пайдалану – екі елдің аграрлық секторы үшін маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Бұл су Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға жұмсалады.

"Былтыр қырғыз әріптестерімізбен бірлескен жұмыстың арқасында Жамбыл облысының диқандарын суармалы сумен толық қамтамасыз еттік. Мысалы, Талас өзені арқылы Қазақстанға жоспарланған 380 млн текше метрдің орнына 418 млн текше метр су келді. Ал Шу өзені арқылы 165,3 млн текше метр су келді, бұл бір жыл бұрынғы көлеммен салыстырғанда 29,7 миллионға артық", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар