жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды
ашық дереккөзі
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды
Қырғыстанның кеден қызметінің хабарлауына қарағанда, Баткен облысында өз қызметін атқарып жүрген қырғыз сарбаздарына Тәжікстанның шекарашылары оқ атқан. Ал Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты баспасөз орталығының мәліметіне сүйенсек, «бейсенбі күні Қырғызстанның төрт шекара күзеткен сарбазы Соғди облысы, Деваштич ауданы Росровут уческесіне заңсыз өтіп, бірнеше бас жылқы ұрлап, өз жағына айдап өтпек болды. Олардың қолында Калашников автоматы болды. Тәжік шекарашыларының ескертуін елемей, талабына бағынбай оқ атқан. Тәжікстан жағы да қарумен жауап қатып, екі күдіктіні жаралады». Ал Баткен облысының әкімшілігі «оқиға Қырғызстанның Ләйлек ауданында болды. Анық-қанығы тексерілуде», – дегенді айтты. Салдарынан тараптар арасында атыс басталған. Кей мәліметтерге қарағанда, екі адам зардап шеккен. Баткен облысының әкімдігі тағы екі қызғыз әскери кепілге алынғанын хабарлайды. Ал Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті қаруланған 4 қызғыз шекарашы Тәжікстан аумағына ескертуге қарамастан заңсыз кіргенін айтып отыр. Оқиғаның жай жапсары анықталып жатыр. Төтенше жағдай не себепті орын алғанын білу үшін екі мемлекеттің жауапты қызметкерлері шекараға келіп, келіссөзді бастап кетті.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар