сенбі, 22 маусым, 2024 15:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғызстан мен Пәкістан СІМ басшылары Астанада кездеседі — БАҚ

Қырғызстан мен Пәкістан СІМ басшылары Астанада кездеседі — БАҚ
Сурет: Риа
Қырғызстан мен Пәкістан арасындағы жанжал әлем назарын аударып отыр

Қырғызстан мен Пәкістан СІМ басшылары Астанада кездесуі мүмкін, деп хабарлайды ulysmedia.kz қырғыз БАҚ-тарына сілтеме жасап деп жазады jambylinfo.kz. 

"Қырғызстан мен Пәкістан СІМ басшылары Астанада Бішкектегі пәкістандықтардың қатысуымен болған жанжалды талқылау үшін кездеседі, – деп жазады "ФАКИргеѕѕ" қырғыз порталы. 

Сенбіде Исламабадтағы Қырғызстан елшілігінің ғимараты алдындағы Бішкектегі пәкістандық студенттері мен қырғыз жастарының төбелесіне байланысты наразылық білдірген адамдар жиналған. 

Наразылық білдірушілер Қырғызстан астанасы Бішкектегі шетелдік студенттерге, соның ішінде пәкістандықтарға қатысты "зорлық-зомбылық жасалды" деп, оларды қатты айыптады.

Еске салайық, кеше Бішкекте 300-ге жуық жас жігіт жаппай төбелескен. Бірнеше рет адамдар кордонды бұзуға тырысқан, бірақ тәртіп сақшылары оларды ұстап алып, 10-ға жуық адамды қамауға алынды. Оқиға салдарынан шетелдіктердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соғу фактісі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар