Қырғызстанда билікті басып алмақ болды деген күдікпен 7 адам ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 қараша, 2024
- 554
Ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған. Қазір олардың үстінен ылмыстық іс қозғалды дерп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Ішкі істер министрлігі Қылмыстық іздестіру бас басқармасының қызметкерлеріне белгілі бір топтың жаппай тәртіпсіздіктер дайындағаны және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандырмақ болғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Алынған мәліметтерге қарағанда, бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру және билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған. Әр қатысушыға рөлдер бөліп берілген (ұйымдастырушылар, қолдаушылар, қаржыгерлер, орындаушылар). Осылайша, спорттық ойындарды, сондай-ақ басқа да жарыстарды Бішкек маңында өткізу жоспарланған. Олар ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген желеумен 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңестерге сайлау күні билікті одан әрі күшпен басып алу үшін зорлық-зомбылыққа шақырып, конституцияға қайшы шақырулар жасап, жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген", - делінген хабарламада. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғап, топ мүшелері болып табылатын бірқатар адамды ұстады.
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024